2014 жылғы 14 қараша, Астана қаласы
«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Толығымен-таблица